+7 (7122) 308 615 +7 (701) 514 60 61 info@kbbc.kz

Қазақстан Республикасы, 060000, Атырау каласы, Атамбаев көшесі 12а

Қазақстан Республикасы, 130000, Актау, 2 мкр, Бизнес орталығы "Сұңқар"

Компания туралы

«KBB Consulting Group» компаниясы – бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету және т.б. салалардағы қолданыстағы талаптарға сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту және мұнай-газ саласындағы компаниялардың мамандары мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау қызметтерін ұсыну бойынша өзін кеңінен танытқан провайдерлердің бірі болып табылатын қазақстандық компания.

Біздің компаниямыздың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандар мен қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестаты бар. Компания бұл саладағы өз қызметінің уақытында өзін тәжірибелі және жоғары кәсібилікке ие оқу орталығы ретінде танытты. «KBB Consulting Group» – бұл сонымен қатар спецификалық жұмыс мамандықтары бойынша қызметтер көрсететін бейіндік компания.

Біз Сіздің барлық қызметкерлеріңіздің еңбегінің сапасын жарақаттанушылық деңгейін төмендету және қауіпсіздік және денсаулықты қорғау мәселесіне назарды арттыру жолымен көтеруге дайынбыз. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін біз Сіз үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге және дамытуға ниеттіміз. Компанияңыздағы қызметкерлердің жарақаттанушылығын болдырмауға бағытталған үнемі жақсартудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу міндеттемесін өзімізге аламыз. Бұл бағдарламаның табыстылығы біз осы бағдарламаның іске асырылуына тартатын компаниямыздың қызметкерлерінің біліктілігіне, тәжірибесіне және жігеріне байланысты болады.

Бұл саясатты орындау барысында біздің компания келесі қағидалардың негізінде жақсартулардың жоспарларын әзірлейтін және енгізетін болады:

 

  • Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету және т.б. салалардағы барлық қолданылатын заңдар мен нормалардың талаптарын орындайтын боламыз.
  • Біз жергілікті заңнамаға және біздің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмекті көрсету саласындағы өзіміздің кеңестерімізге сәйкес еңбектің қауіпсіз шарттарымен жұмыс орындарын құруға септігімізді тигізуге дайынбыз.
  • Біз жазатайым оқиғаларды ескерту жөніндегі шараларды қабылдайтын боламыз.
  • Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету және т.б. салалардағы іс-шараларды ұйымдастыруда және орындауда Сіздің барлық қызметкерлеріңізді, уақытшаларды қосқанда, оқыту және қолдау көрсету.
  • Біз сіздің өндірістік үдерістеріңізге немесе басқа қызметіңізге байланысты ең елеулі тәуекелдерді жақсы түсінуге және басқаруға септігімізді тигізетін боламыз.
  • Жазатайым оқиға және жарақаттанушылық туындаған жағдайда, біз өз тарапымыздан қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпссіз әдіспен орындауды қайта ақысыз оқытуды көрсетуге дайынбыз.